Өз жайым – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Өз жайым» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 946
Жәйіма жүрген жәйім бар,
Аулақ жүр менен, уайымдар!
Сендерге әуес емеспін,
(қол бұлғап әуре болмаңдар
ғашықтық дерттен солғандар)
Шақырма мені, қайыңдар!
Күндіз – күн, түнде айым бар,
Жәйім жоқ жоқты уайымдар.
Тербетсе бір сәт әлдилеп,
Бір мезгіл алар сілкілеп...
Бәрі де тәтті ойым бар,
Аулақ жүр менен уайымдар!
Өз ойым бесік өзіме,
Көкейім – ғажап әлемім!
Тербеліп тәтті әуенмен
Маужырап ұйықтап барамын!
Маужырап ұйықтап барамын!
Бесік-әлемге – баламын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері