Өмірге ғашық еді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Өмірге ғашық еді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1229
(Ақылбек Манабаевтың рухына)

Соңына қалдырды да жақын көпті,
Өмірден оза шауып ақын кетті.
Жадынан шығарса да кей достары,
Семейі ұмытпапты Ақылбекті.
Сағынтып атажұрты – туған елі,
Семейім, Ертісім деп жырлап еді.
Болмаса ұлы Абайдың аруағы,
Шақырған оны мұнда кім бар еді?!
Өмірге ғашық еді шуақ төккен,
Елім деп қайран ақын жылап кеткен.
Пенде жоқ бұрын­-соңды бұл фәнидің
Төрінен мәңгілікке тұрақ тепкен.
Ақынның өзі өлсе де жыры өлмейді,
Жырды кім жүгендейді, шідерлейді?!
Тұлпарын туған жұрты іздемесе,
Шашылған тұрманын кім түгендейді?!
Көндірген үлкен­-кіші жанды ырқына,
Ешкімді мүсіркемес тағдыр, сірә.
Аруағын ақынының асқақтатқан,
Семейдің Алла разы ел жұртына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері