Өлең, жыр, ақындар

Алыстағы ағайын

  • admin
  • 06.09.2024
  • 0
  • 0
  • 60
Ағайын, алыс жүрген аңсап елін,
Сағынған жетер ме екен жан сәлемім?
Жел қуған қаңбақтайын тағдырларың,
Сыздатты жүрегімді қанша менің!

Қайырмасы:
Құшағымды ашып,
Кеудеме басып,
Шаттана тасып,
Қарсы алайын!
Арнаңнан асып,
Күлкіңді шашып,
Асыға басып,
Келші ағайын!

Іздемей жата алам ба сыңарымды,
Сыңарсыз айта алам ба жыр-әнімді?!
Қиырға кеткен тарап қимастарым,
Шулаттың кеудемдегі ұларымды.

Қайырмасы

Басайын асқындырмай күйігімді,
Сағыныш бұлты талай үйірілді.
Ықтырған ызғар жылдар қандастарым,
Табатын күн болар ма үйіріңді.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз