Бұл бетте «Ләйлім сен екенсің» атты Жаскілен Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарым демей, жаным дейін мен сені,
Сенсіз шеккен не қуат бар тірлікте?
Ғұмыр менің жаншымаса еңсемді,
Оның көзі өзіңменен бірлікте.
Қайырмасы:
Мәжнүн мен екенмін,
Ләйлім сен екенсің.
Мен сенің берекеңмін,
Сен менің мерекемсің.
Өмір – сапар, ұзақ жолда келеміз,
Мен – өзіңе, өзің маған тірекпіз.
Болғанымен бөлек біздің денеміз,
Бір-бірінсіз соғарға жоқ жүрекпіз.
Қайырмасы
Жарым дейін, сәнім дейін мен сені,
Арым дейін, әнім дейін мен сені.
Дәрім дейін жасытпайтын еңсені,
Барым дейін, мәнім дейін мен сені.
Қайырмасы
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі