Арқаның желі – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Арқаның желі» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1444
Ауылға келем араға жыл сап,
Самалы жұпар жібектей жұмсақ.

Қайырмасы:
Арқаның желі,
Аңсадым сені.
Алдымнан шығып,
Аймала мені.
Еркелет мені,
Ерте кет мені,
Арқаның желі –
Арманның желі!

Даланың көркі қиялды тербеп,
Шалқиды көңіл қуаныш кернеп.

Қайырмасы.

Қиырда сонау толқиды сағым,
Елестеп көзге балалық шағым.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері