Өзін-өзі өртеген бауырға – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Өзін-өзі өртеген бауырға» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1128
Білгің келсе менен де сұра жайды,
Құдайым сені мұнша сынамайды.
Қарапайым,
Алладан үмітті жан,
Бір басына мол мансап сұрамайды.
Кімдер ол,
Өртке оранып жайды ұқ деген?
Ол әңгүдік,
Уақытша, байлық деген.
Қара нанмен қара су ішсең дағы,
Өмір сүрген жақсы ғой айлықпенен.
Өзіңді өртеп,
Өзіңдіңді өртке орадың,
Сынып қалдың,
Әлсізсің, тоқтамадың.
Әділдікті іздесең мені тыңда,
Тағы өзіңді өртеме, тоқта жаным.
Қарасам, білігің көп, білерің де,
Күшің болса айқасқын білегіңде,
Өз-өзіңді өртемей алыса бер,
Құдайың болса егер, жүрегіңде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері