Әбжанды жоқтау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әбжанды жоқтау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған жоқтау өлең берілген.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2264
Өлім менің ойбайым,
Істі салған Құдайым.
Қара бір шашым жаяйын,
Жаяйын да жияйын.
Қыналы бармақ, жез тырнақ,
Күнде қанға бояйын.
Албыраған ақша бет,
Сүйегіне таяйын.
Мойылдаған қара көз,
Жаспенен оны ояйын.
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орныңа кімді қояйын?!
Орқаш та орқаш, орқаш тау,
Бауыры толған көк бастау.
Көп ішінде қиын да екен,
Жалғыз енді сөз бастау.
Бастамасқа шарам не,
Басыма салған қарам не?!
Мен жыламай кім жылар,
Бетімдегі жарам не?!
Боғастың бойын өрт алды,
Жүректің басын дерт алды.
Он жеті жасар Әбжанды
Қорасан деген дерт алды.
Асыл да гауһар болатым,
Ұшайын десем қанатым.
Әкекем қосқан қосақтан
Айырды Жаппар Құдайым.
Алты атанға жүк арттым,
Ала арқанмен бек тарттым.
Алдына жүрмес әкекем,
Құшақтап тұрып сөз қаттым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері