Туған жер – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Туған жер» атты Несіпбек Айтұлы жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1656
Ахау, туған жер, анамдай сағындырған,
Ахау, туған жер, бабамдай табындырған.
Аңсадым, аңсадым –
Самал жел,
Саумал көл,
Сары бел, сені,
Көзімнің жасындай сағым жуған!

Қайырмасы:

Ахау, тулайды қаным сен деп,
Ахау, жырлайды жаным сен деп,
Туған жер, гүлжазира, уа, дариға!

Ахау, туған жер, төрлесем сауық құрған,
Ахау, туған жер, көрмесем зарықтырған.
Аңсадым, аңсадым –
Алтын жаз,
Аққу-қаз,
Ерке наз, сені,
Ауырсам дертімнен сауықтырған!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері