Сен кеткенде – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сен кеткенде» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1985
Есіңде ме жазғы таң ауылдағы,
Ерке бұлақ жүгірген бауырдағы.
Ауылыңнан алысқа сен кеткенде,
Аласұрдым толқындай дауылдағы.

Қайырмасы:
Сағындырған сайран көл, салқын сазың,
Қала берді қол бұлғап жарқын жазың.
Қанатыңнан қайырылсаң, бар ма лажым,
Қоңыр қазым,
Саған айтпай кімге айтам көңіл назын,
Қоңыр қазым?!

Бауыр басып мекенге шалғайдағы,
Шөліркеттің тамшыдай таңдайдағы.
Таптырмайды жер-көктен іздегенің,
Бақ жұлдызың жанбаса маңдайдағы.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері