Төртеу түгел болса егер – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Төртеу түгел болса егер» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1979
Бабам байлық шыңына шыққан екен,
Алтынын алыс тауға тыққан екен.
Бас жарып, бет жыртысып қалама деп,
Ұлдарының жағдайын ұққан екен.
Бұл тағдыр неге бүгін қайталанған.
Соны ойлап, жаным бүгін жай табалман.
Байлығы қалды-ау қайран бір төбеде,
Бауырлар түсінбейді, сайтан алған.
Ойлаймын күні-түні, бірліктерін,
Гүлденген, гүл жайнаған тірліктерін.
– Төртеу түгел болса егер, жарасар – деп,
Әкем де айтқан еді, – бірліктерің.
Бірлік пен тірлігіңнің арасында,
Кежірлік, жалқаулық тұр, нанасың ба?!
Бауырлар жүр, бір істі игере алмай,
Зар боп жүрген жан көп қой, қара суға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері