Мәуләнә – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Мәуләнә» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 909
Сансыз, саған әдеппен,
Салауаттар айтайыншы!
Барып, Худжре - и Саадетке,
Мауқым басып қайтайыншы, я, РасулаллаҺ!

Әһли-бейтің жұлдыз болып,
Жымыңдайды, төбемде!
Нұрдан киіп, құндыз бөрік
Саған бір күн келем бе? Я, Расулаллах!

Мәуләнә, ия, Мәуләнә, әләйһиссәләм!
Қараймын саған, таңдана!

Сағынышым жерге сыймай,
Шерлеріме ішім толды.
Күні-түні көлдей тынбай,
Көзім жасы ғұсыл болды, я, Расулаллах!

Жүрегімді жасқа малып,
Саған қарай барайыншы.
Мединені баспана қып,
Нұрға көңілді орайыншы, я, Расулаллах! С ғ с.

Нұрдан болған – теңіз бе едің?
Нұрмен жаным егіз менің.
Бар әлемнен сені іздедім, я, Расуаллах!

Сен- деп ақты, сырым бұлақ,
Қобызымның қылын құрап.
Сағыныштан жырым жылап, я, Расулаллах!

Жаратқанға асық қылар.
Жанымызды ғашық қылар,
Шапағатың тасып, тұнар, я, Расулаллах!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері