Ризалық туын көтерейік
Бұл бетте «Ризалық туын көтерейік» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаңбыр-досымның жанға сыйлаған көлін көр,
Сексен мұхитты шайқайтын Рухтың елін көр!
Бақытсыздықтың жаназасына келіңдер,
Ризалық туын көтерейік!
Жыр-үкі тағып, дүр- гаухар қадап, маңдайға,
Торда қалдым-,деп, бұлбұл сыймады, таңдайға!
Ең зор қайғы да бақытты жанды таңдай ма,
Ризалық туын көтерейік!
Оны танысаң, жалған дүние тар екен,
Бұл – қасиеттілер кешкен хал екен!
Жаны жомарттар -Жамалына Иенің зар екен,
Ризалық туын көтерейік!
Көзіңді аш, пенде, - дүние байлығы – ләззәт па?
Расул с.ғ.с. үмметім -, демес, залым, бетпақ, кәззапқа.
Не берсе де – риза болайық, Раззаққа,
Ризалық туын көтерейік!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі