Көрінгенге жүгіріп – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Көрінгенге жүгіріп» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 900
Әлдекімнің ауласын сағалаған,
Бұралқысың қоқысты жағалаған.
Жуынды ішсең қоймайсың әдетіңді,
Көрінгенге жүгіріп абалаған.
Барақ иттің кәдімгі біреуісің,
Тірсегіңді құйрығың сабалаған.
Атың Марзан болғанмен, затың арзан,
Ит базары құныңды бағалаған.
Шиебөрі емессің тым құрыса,
Қауқарыңды жөн шығар шамалаған.
Миың түсіп жүрмесін ауызыңа,
Ат тұяғы теуіп қап тағалаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері