Қыс келбеті – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қыс келбеті» атты Cырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 7766
Жерді қармен құшақтап,
Келе жатыр қыс аттап.
Қаратайдың басына
Ұялаған құс аппақ.
Қайтқан бұлтты қайта айдап,
Алдына сап отардай.
Қыс келеді айқайлап,
Қой қайтарған шопандай.
Қыс қабағын ашпаған
Бір қария шашы аппақ.
Ағаштарды тастаған
Ақ қыраумен шашақтап.
Бір шал отыр шалжиып,
Ертек соғып ерінбей,
Көктем жатыр әл жиып,
Қар астында көрінбей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

гулфарида

сырбай мəуленовтың өлеңдері айтар ойы бар. керемет

Осы автордың басқа өлеңдері