Ана махаббаты – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ана махаббаты» атты Cырбай Мәуленов жазған ана туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 7135
Реңі кіріп даланың
Біткелі соғыс неше жыл.
Жас селі шайып жанарын
Жалғызын күтіп шеше жүр.
Сенбейді өлді дегенге,
Ойлайды ұлын тірі деп.
Қосады атын өлеңге,
Боранды желдей уілдеп.
Қарайды жолға күн ұзақ,
Қарайды жолға түн ұзақ.
Ойда жоқ соғыс біткелі,
Кеткені талай жыл ұзап.
Хабары қолда тұрса да,
Дейді бұл жай бір лақап хат
Болар ма күшті мұншама
Аналық алып махаббат.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

нурила

Бул олендер маган оте каты унады

Осы автордың басқа өлеңдері