Өзім жайлы – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Өзім жайлы» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Сыр алысар ешкім жоқ.
Ауысатын күзетіп,
Босағама серікпін
Күн ауысар, түн өтіп.
Ай күледі әй-әй боп,
Төгілмесін жыр қалай.
Құлағында анамның
Жарқыраған сырғадай.
Анам құлақ тосқандай
Мұң-шеріме тымықта.
«Саған сабыр жарасады»,
Дейді «осыны ұмытпа»!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері