Біреуге – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Біреуге» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1042
Жүзіңде тұл қараулықтың күзі бар,
Күзіңде кіл жаяулықтың ізі бар.
Асығыңның алшысы жоқ, шігі бар,
Қасығыңның тамшысы жоқ, жігі бар.
Дәулетіңнің қоңырсыған көңі бар,
Әулетіңнің момынсынған өңі бар.
Әр пенденің ұрласатын шені бар,
Дәу пенденің сырласатын теңі бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері