Шахмат – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шахмат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3163
Інім көп ойнайды
Менімен шахмат.
Жеңем деп қоймайды,
Ойлайды жатып ап.
Кейде «аты» тұралап,
Қоршауда қалады.
Ондайда, сірә да,
Інім мат алады.
Кіжініп сонда аса,
Дейді ол батыл-ақ:
– Жеңер ем,
Болмаса
«Аттарым» ақымақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері