Бұл бетте «Ұмытшақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тапсырып бір жұмысты,
Жұмсай қалсаң бір жаққа,
Орындамай бұл істі,
Қайтады інім бір шақта.
Ақырындап алдымен
Сұрай қалсаң мәнісін,
Дейді:
«Ұмытып қалдым мен
Айтқаныңның бәрісін».
Уақтылы оянып,
Жуылмайды қолы да.
Жатпайды оған ұялып,
Ұмытады оны да.
Ұнатады оны кім,
Ұмытса ылғи сабағын.
Ал, бірақ та сол інім,
Ұмытпай жүр тамағын.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі