Мұрап – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мұрап» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1669
Жаздың жібек самалы
Масақтарды тербейді.
Шөлдесе егін шамалы,
«Маған сусын бер», – дейді.
Су жіберсе бөгелмей,
Мұрап ағам асыға,
«Рақмет!» – дегендей,
Толқиды егін бас ұра.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері