Жау-жау, қарым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жау-жау, қарым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1402
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Жақсы болар жауғаның.
Жердің жүзін жаңартшы,
Демейінші жаурадым.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Құмшекер боп саулағын.
Ақ көрпеңмен қымташы
Туған жердің тауларын.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Сәні кірсін ауланың.
Ақ шәліңмен орашы
Туған жердің бау-бағын.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Жақсы болар жауғаның.
Белгілі ғой
Көктемде
Береке боп қауларың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері