Қарындас, көз қиығын қашырасың – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Қарындас, көз қиығын қашырасың» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1043
Қарындас, көз қиығын қашырасың,
Несіне сыр шіркінді жасырасың?
Шыбықтай солқылдашы, болсаң мұңды,
Көкейде көздің тамшы жасы қалсын.
Сыр жұмбақ шертілмеген ағаңда бұл,
Болмайды махаббатқа табанды құл.
Көркіңнің көлі шалқар, құстар шулар,
Білмеймін қанша шәулі сағаңда жүр.
Бейне көл күрсінеді көкірегің,
Дауылдай ішін тартқан,
өкінемін.
Сары күз сыбызғысын сыңсытады,
Көктемгі қызғалдақтың кепілі едім.
Арман көп айтылмаған ағаңда бұл,
Болмайды махаббатқа табанда құл.
Ақ селеу жеңгесінен үкі таққан
Сал самал сидам тартқан сағаңда жүр.
Жан қалқам, көз қиығын қашырмашы,
Дүрсілін жүрегіңнің жасырмашы.
Даусыңмен дірілдеген шертші бір наз,
Көңілдің ұшсын сұлу қаршығасы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері