Өлең, жыр, ақындар

Түнгі жыр

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 898
Жұм көзіңді, аймаласын өлеңім,
Қалғыдың ғой, сәулем, енді бұйықпа.
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Айналады ай сәулесін құйып та.
Айналады ой тербетіп өлеңім
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Оймен бірге мен де жүйткіп желемін,
Қараңғы жер жатсын мейлі тұйықта.
Толқын тартып көкте қалқып келемін,—
Не бар тәтті бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Қараңғыда қалдырып жер белеңін,
Мінгізген сен ақ қанатты иыққа.
Күбірлейсің ертегінің өлеңін,—
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Күбірлейсің ертегінің өлеңін,
Ұйқы басты, енді сәулем, бұйықпа.
Жап кірпікті, жырға сені бөледім,
Не бар тәтті бал-ұйқыдан? Ұйықта!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Март

  • 0
  • 0

Жауып тұр қар, жауып тұр,
Жайраңдайтын жаз қайда?
Жұпарын қырға жайып гүл,
Жұпарын қырға жайып гүл,

Толық

Қалай, сәулем, оралдың көз ашқанша?

  • 0
  • 0

Қалай, сәулем, оралдың көз ашқанша?
Келгеніңді сенің мен көрмей қалдым.
Қайран тәтті уақытым кетті қанша!
Соқыр болып қалдым ба? Мен аң-таңмын?

Толық

Көрініс

  • 0
  • 0

Күн құдай шырағы
Жаңбырмен табысса,
Нұр шеңбер шығады
Жарқ етіп алыста.

Толық