Көл үстінде – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Көл үстінде» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Жұттым мен рахат лебін, өмір лебін,
Бой сергіп, кеңіп кетті төңірегім.
Табиғат, ләззәтіңа бас иемін,
Ақ төсің — тәжім етер төрім менің.
Ескектің ырғағымен есіп қайық,
Су шіркін әлдилейді төсін жайып,
Бұлттардың күңгірт басқан аржағында,
Азулы асқар таулар болды ғайып... 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері