Көңіліме күй орап – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Көңіліме күй орап» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2698
Көздеп мені атса – дағы қиянат,
Күндеп барып батса да күн қиялап.
Жүреді арман көңіліме ұялап,
Жабырқасам жадыратып күй орап.
Өсектесе кейбіреулер күңкілдеп,
Оған көңіл бөлмеймін де кімсің деп.
Туған жердің топырағына гүл егем,
Іздерімде жайқатылып тұрсын деп.
Кейде мұңмен іштей жүдеп бұйықсам,
Ауыр ойлар жаныштаса иықтан.
Достарым бар қуанатын жақсыма,
Алып шығар мені осынау тұйықтан.
Қуанады биіктесем достарым,
Қуанады аласарсам қастарым.
Көңілім ғой адал досқа тосқаным,
Жүрегім ғой айқара мол ашқаным.
Кейде өңімде қуаныш бар, жасу бар,
Кейде өткел бермейді де асулар.
Бәріне де мойымайтын жүректе —
Ыстық қан бар, ашыну бар, ашу бар.
Көздеп мені атса – дағы қиянат,
Күндеп барып батса да күн қиялап.
Жүреді арман көңіліме ұялап,
Жабырқасам жадыратып күй орап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері