Сынық қанат көбелек – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Сынық қанат көбелек» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4212
Байқатар ма керуен жылдар озғанын,
Байқатар ма асыл кездік тозғанын.
Байқатар ма кеудедегі бір үміт,
Арман атты асуға қол созғанын.
Озғанменен жылдар көші тым жырақ,
Түйгенменен аспан қабақ тұнжырап.
Арман дейтін нәзік гүл ғой кеудеде,
Дауыл соқса мың тұратын, мың құлап.
Ұшқын ба әлде маздап барып жанатын,
Самал ма әлде есіп рахат табатын.
Арман дейтін тыншу бермес бір тылсым,
Ұқсатам мен көбелектің қанатын.
Дірілдеген ала қанат, ақ қанат,
Керек емес оған әсте бақ, шарап.
Талмайды да қанаты оның нәп-нәзік,
Мейлің өсек, қиянат дейтін оқпен ат.
Шырын іздеп дамыл алмай ұшады.
Құшырлана балғын гүлді құшады.
Шырын өмір, тірлік сүйген көбелек,
Бәрін – бәрін құшағына қысады.
Гүл біткенді жатсынбайды, өбеді,
Бар сезімін, сағынышын төгеді.
Шіркін, сол бір титтей ғана жәндіктің
Құштарлығы қандай ғана көп еді?!
Құласа да қанаты оның дірілдеп,
Аңсайды ғой бүл өмірдің нұрын көп.
Күбірлейді "шіркін, гүлдер, шырын" деп,
Көз жұмарда бүл тірліктен біріндеп.
Сол көбелек қанатынан аумаған,
Мөлдір шықтай жапырақтан аунаған.
Ұнатамын тұнық бастау сезімді,
Жыртық үйден тамшыламай саулаған.
Ұнатамын көбелектің ұшқанын,
Ұнатамын балғын гүлді құшқанын.
Ұнатамын қанатының дірілдеп,
Таусылмайтын сағынышын, құштарын.
Ұнатамын гүлге келіп қонғанын,
Жаудыраған жанарға мұң толғанын,
Ұнатамын адамдардың өмірде,
Көбелектей тынымы жоқ болғанын.
Ұнатамын нәзік қанат қаққанын,
Көңілдің де, көбелектің аппағын,
Ұнатамын толасы жоқ кеудеде,
Бір толқынның тасып, тулап жатқанын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынық қанат көбелек өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Сынық қанат көбелек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сынық қанат көбелек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сынық қанат көбелек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері