Бидай елеген әйел
Бұл бетте «Бидай елеген әйел» атты Фариза Оңғарсынова жазған әйел туралы өлең берілген.
(аударма)
Жер үйдің үсті — тақтайдай,
бейне бір қырман алаңы.
Елегін ұстап,
ақ маңдай
келіншек шығып барады.
Самал жел есті. Еледі,
алтындай дәнді ақтады.
Төменде, үйде, бөбегі
ұйқтамай әлі жатқаны.
Елестеп таулар көзіне,
жүзінде титтей мұң қалмай,
бұлақты бойлап өзі де,
елек те билеп түрғандай.
Шарқаты желмен сыбдырлап,
әйелдің өзі — нәр тұрған!
Еседі самал сырды ұрлап,
тегіліп жатыр алтын дән!
МҰХАМЕД ӘЛИ
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі