Дауыл – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Дауыл» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 786
А. С. Пушкиннің ізімен

Құшады мұнар, ышқынып теңіз,
Толқыны жарға соғады ойнап.
Толқынға төніп құзда тұр бір қыз,
Аққудай бейне қанатын қомдап.
Жарқ-жұрқ етіп қанаты жалын
Найзағай тентек қорқытса қызды,
Ұшырып қыздың орамал-шәлін,
Ұйтқиды дауыл теңселтіп құзды...
Жыртылған бұлттан жылтылдар аспан
Мұнарда бозғылт тамаша теңіз.
Дауыл, көк, толқын – бәрінен асқан
Емес пе ғажап құздағы сол қыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері