Жасық – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жасық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1447
Жасық бала Ақтайды
қандай адам мақтайды:
әшейінде жалпылдап,
аузы тыным таппайды.
Жұрт алдында бұғады,
қып-қызыл боп құлағы.
Кекіл шашын сипалап,
төмен қарап тұрады.
Бір де ертегі білмейді,
тақпақ та айтып жүрмейді.
Ән дегенің Ақтайдың
құлағына кірмейді.
Ауырғандай тамағы
жөткірініп қалады.
Мақтамайды үлкендер
мұндай жасық баланы!
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері