Кейде жазып тынбаймын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кейде жазып тынбаймын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1181
Кейде жазып тынбаймын,
Шабытымды шыңдаймын.
Жыр соңынан жыр келіп,
Сергіп қалам мұндай күн.
Кейде шықпай бір өлең,
Тұңғиыққа тірелем.
Мұндай шақта тұнжырап,
Жауар бұлттай түнерем.
Жауып тастап қақпаны,
Біраз тыным тапқалы,
Босқа өткізем бейнетсіз
Әлденеме аптаны.
Мойын босап мұңданда,
Шабыт келмес ыңғайға.
Отырамын мең-зең боп,
Өлең қалып бір қайда.
Осы ма екен, апыр-ау,
Опық жеген тоқырау?
Жақсылықты көрмесе,
Ақын да бір соқыр-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері