Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп,
Қарар екен, кім саған үлбіретіп.
Жігіт болсам, бағымда сайратар ем,
Еркелетіп, ұшырып, бұбұл етіп...
Құс қауырсын сезімін дір-дір етіп,
Жүр едің сен, кетті екен кім жүдетіп?
Ай-сырғаңа шағылып аспандағы ай,
Ай жүзіңді тұрғандай түн жыр етіп.
Қара түнге ұқсап бір қара шашың,
Орманында ойлардың адасасың.
Жаулағандай шашың түн, сырғаң ай боп,
Сұлулықтың көрсетіп «тамашасын».
Сынай қарап, сыңаймен өкпелеген,
Келе жатыр көңілден көктеп өлең.
Айлы түндер құбылтып ай сырғаңды
Сиқырлы қыз, алыстап кетпе менен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері