Бәйтерек – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бәйтерек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2517
Берді оған күн де, жер де, ай қорек,
Өсті дара кең далада бәйтерек.
Табиғаттың қысқы дүлей дауылын,
Күздің желін, жаздың нөсер жауынын.
Жалғыз бәрін өсті терек қарсы алып,
Өзін бірақ көрсетпеді жар салып.
Өскен сайын санады өзін ол төмен,
Жамылған соң аспан асты көрпемен.
Мен сезгемін бала күннен қашаннан,
Ол ертерек айрылатын жасаудан.
Ұшырып ап көктем деген ай құсын,
Тартатұғын іштей сыңсып қайғысын.
Беріп ұдай күн де, жер де, ай қорек,
Өсті дара кең далада бәйтерек.
Ұлылық сол о, достарым, өзгеден
Дара болып, даралығын сезбеген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері