Бұлбұлға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бұлбұлға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 802
Қайда сол, сол баяғы бұлбұл үнің,
Төкші, кел, тоқтап қалмай толқындарын.
Арманда өте шығар бұл бір күнің,
Ортасы болса көңіл, толтыр бәрін.
Салшы сол, сол баяғы әнге мұңды,
Даусыңа шөлдеп кетті жаным мынау.
Білемін, бақтағы таң дәуреніңді,
Сен мені сағынғандай сағындың-ау!..
Бар маңай құлағын сап, тұрсын тынып,
Кеудемнің жарқырасын күншығысы.
Кәне, кәне сайрашы, бір сілкініп,
Мәңгілік махаббаттың жыршы құсы!
Қайда сол, сол баяғы бұлбұл үнің,
Қалмасын жастық шақтың суып бағы.
Армансыз өте шықсын,бұл бір күнім,
Жіберші, көңіл кірін жуып тағы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері