Аналардың қолы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Аналардың қолы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3321
Алақаны сан ирек,
Айнымаған құс жолы.
Кір шайқаған, нан илеп,
Аналардын құс қолы.
Баланы да тербеткен,
Болашақ бір өмірдей.
Көн боп қатқан еңбекпен
Отта піскен темірдей.
Берген саған жылылық,
Сол тұрпаты білінбей.
О, қасиетті ұлылық,
Бар бақыттың күніндей.
Аналардың қолдары
Құдіретті,мықтылық.
Сені көрсем болғаны,
Бас иемін тік тұрып.
* * *
Жанады жүзің лаулап өрт шоғындай,
Өрттей боп бұл өмірден өт қорықбай.
Арқаңа құлап түскен торт арал бұрым
Ақынның әзер табар төрт жолындай.
***
Кей адамның міні бар,
Балтаменен шабатын.
Кей адамның «жыны» бар.
Қалтаменен табатын.
***
Қарлы боран үйіреді,
Қаңбақтай бар дүниені.
Көк төсінен тым болмаса
Жылт етпейді күн иегі.
Қыңсылайды жел төбеттей,
Жерді тырнап қар лақтырын.
Шалқаяды көк теректер,
Қар үстіне аунап тұрып.
Жер мен көкті алды уысқа,
Аран ашып ауа райы.
Қарай берем қарлы қысқа,
Ойымда тек дала жайы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аналардың қолы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Аналардың қолы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аналардың қолы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аналардың қолы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері