Дәм – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Дәм» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5172
I
Қыпша бел сұлу келіншек,
Деді ме елді аңсады.
Жорықтағы жарына
Үйінен арнап дәм салды.
Елдің дәмін келіншек
Сағынар деп ойлады.
Май менен құрт, ірімшік
Қан майданға жолдады.
II
Өжет, өткір, жас жігіт
Жар қолынан дәм татып.
Көкала түтін майданда,
Шапты жауға шаңдатып.
1941


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері