Теңізбен кездесу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Теңізбен кездесу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3769
Кеудеңмен көтерсең де нелер жүкті,
қыңбайсың, паш етесің тек ерлікті.
Мен де бір тылсымдарға бет алып ем –
бер маған өзіңе тән тереңдікті!
Теңізде сынға түсу – бұл бір үміт!
Сұлу қыз кеме үстінде, құрбы жігіт.
Шетінен батыр мінез, толқын қылық –
оларға теңіз жатыр құлдық ұрып!
Кемелер тізілгенде, жарасып ән,
дәм таттық балығынан – бал асынан.
Түнгі оттар жылтылдайды, тұрғандай бір
қала өсіп толқындардың арасынан.
Жүрсем де ойша талай қамалды алып,
сендегі күшті көріп, қалам налып.
Балапан бойымдағы қайсарлықты
алмасам болмайды екен саған жанып!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері