Өмір – Үсіпбек Ботагөз

Бұл бетте «Өмір» атты Үсіпбек Ботагөз жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір
(Шал ақынға еліктеу)
Боямасыз өмірде,
Таза аппақ жан бар ма ?!
Дақ түсірер көңілге,
Жаман адам бар хақта.
Ақ қарадан тұратын
Өмір шіркін жалған ба ?!
Алла берген мінезі,
Қолданыста өзгерген.
Қырсық адам әр ісі
Шиеленіскен жіппен тең.
Мейірім шуақ шашатын,
Әр адамның көңілі
Таңда атқан күнмен тең.
Ойлап тұрсаң бауырым !
Бұл өмірде көргенің,
Жақсылығың таспен тең,
Жамандығың таумен тең.


Пікірлер (1)

Айнур

Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері