Басымды айналдырды-ау мұң аптабы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Басымды айналдырды-ау мұң аптабы» атты Фариза Оңғарсынова жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3421
Басымды айналдырды-ау мұң аптабы,
еніп ем тәтті қиял құшағына.
Жаныма жақындамай жырақтады
арманым ақ сағымға ұсады да.
Жан, жүрек, ой, қиялым сендік еді,
зулайтын саған қарай үміт-кемем.
өн бойым хатыңа да елжіреді,
сенуші ем, болмайтын-ды күдік деген.
Көңілімнің арман туы самалменен
қиын-ау қайта тағы желбірері...
Мөп-мөлдір сезімдерім саған деген
есейтіп жібергендей енді мені.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері