Жылқышы - депутат – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жылқышы - депутат» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алматыда қарсы алдым
Колхоздағы әкемді.
Көрмегелі қанша күн
Көп жаңалық әкелді.

Келді алдыма жаз жайлау,
Өрістегі қалың мал.
Бауыры майса Қызбел тау,
Желіде құлын жібек жал.

Айтып жатты саралап,
Көп жаңалық елде екен.
Депутат боп ел қалап
Астанаға келді әкем!..


Пікірлер (1)

Орынбасар

Оте керемет сизге коп коп Рахмет Аман болыныз

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері