Өлең, жыр, ақындар

Бақыттың құны

Бақыттың құны- бақытты іздеп
құлаған ,
Титтей қуанышқа бақандай етіп
жылаған.
Мейірімді Алла мейірімін төгер
деп бір күн
Соның алдында тізесін бүккен,
сұраған.

Бақыттың құны- өзінің елді
мекенін,
Білгейсің дәйім тыныштық керек
екенің.
Бір Алла қолдап, бір Алла қорғап
жерімді
Өзіңмен бірге жырыма тиек
етемін.

Бақыттың құны- әкешің және
анашың,
Жоқ, әлде бар ма таласын?
Анықтап берер ағы менен
қарасын
Ақылыменен үйлестірер жарасым.

Бақыттың құны- ажырамас
бауырың,
Одан басқа таба алмайсың тәуірін.
Бойымызға сыңар қанды сіңірген
Қолдай жүрсің, қорғай жүрсің
Тәңірім.

Бақыттың құны- есен-сау сенің
отбасын,
Жарың, балаң- топтасың.
Жаратушы Ием жарылқасын
әрдайым
Айрандай ұйып тұрған отбасың.

Бақыттың құны- бақытты іздеп
жүргенін ,
Қайғыға налып, әп сәтте шат
күлгенің.
Жазылған тағдыр зымырап бір
күн өтеді
Бақыттың құны сәттерге толы
күндерің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соңғы рет...

  • 0
  • 0

Тамшылап аққан көз жасы
Жұбатар емес жүрегін.
Нүктеге айналған тұлғасы
Ғайыпқа бастап тілегін...

Толық

Өмір

  • 2
  • 1

Толқындаған мына өмірдің тасқынына шыдамай,
Тәлтіретіп жібереді кей-кездері сын ұдай.
Сабыр қылып шыдауға да көнбейді
Бұл өмірден өте алмассын жыламай.

Толық

Қыз дегенің

  • 0
  • 0

Қыз дегенің сенің анаң кешегі
Олар адал, олар батыл деседі
Сен де болсаң сол анадан туғансын
Қайығында ескегімен еседі

Толық