Соңғы рет – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Соңғы рет» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тамшылап аққан көз жасы
Жұбатар емес жүрегін.
Нүктеге айналған тұлғасы
Ғайыпқа бастап тілегін...

Естілген соңғы сөздері
Қылын кеп үзді үміттің.
Қадалған соңғы көздері
Жігерін уатып... Үгіттің...

Соңғы рет кетті...
Соңғы рет...
Ғайыпқа жалғап елесін.
Соңғы рет көрді...
Соңғы рет...
Жүректің ханын... Егесін.
Соңғы рет...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері