Үй жақсы ма, балабақша жақсы ма? – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Үй жақсы ма, балабақша жақсы ма?» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.04.2020
  • 0
  • 0
  • 8412
Қызықпын-ау өзім де,
Мақтанарым шамалы.
Үйге келген кезімде,
Кеткім келмей қалады.

Жан әжемнің жанында
Тіпті рақат секілді.
Айтады ұйықтар алдында
Ертегіні не түрлі.

Ал бақшаға бармасам,
Тұра алмаймын тағы да.
Мұнда қызық әрқашан,
Келем сосын сағына.

Үй жақсы ма, бақша ма?
Білмей жүрмін со жағын.
Екеуіне сондықтан
Ортақ бала боламын:
Күндіз ойнап бақшада,
Үйге келіп қонамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері