Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан)

Бұл бетте «Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан)» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 4
  • 39711
Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс - өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.
Жасынан білер ескі шалдың мінін,
Аптық жерін, ақылға кеш енгенін.
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.
Жамандық жақсылыққа қарар салқын,
Долығы тез басылып, қайтар қарқын.
Ұлыққа қошеметшіл, құл сықылды,
Қатерге аяқ баспас, көрмей артын.
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,
Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше.
Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,
Қызығы - үзілгені бос жүргенше.
Пайдасыз ғылымменен ми кептірер,
Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер:
Жақсы сөз, жақын үміт, тәттілікті
Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер.
Қуаты қызық қызмет тойларының
Қос қыртысын кетірмес ойларының.
Лап бергіш, к... айналғыш, қайта ойланғыш
Тыянақ оты сөнген бойларының.
Келісімді тәтті ой, әр шеберлік
Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.
Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай,
Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік?
Жек көрер, жақсы көрер - кезі білер,
Ашуы, махаббаты босқа сөнер.
Жанында суықтық бар бір жасырын,
Қаны отты жас күнінде шықпас өнер..


Пікірлер (4)

КАРАКАТ

ОСЫНДАЙ ӨЛЕҢДЕР ШЫҒЫП ДАМИ БЕРСІН

Ботагөз

3жолды жоқ па☹️☹️☹️☹️☹️☹️☹️

Ботагөз

Бірақ сөздері керемет

Бекзат

оқи бергің келеді...

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан) өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері