Домбыраға қол соқпа
Бұл бетте «Домбыраға қол соқпа» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Домбыраға қол соқпа,
Шымырлатып бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр-жүрлеп.
Қайғылы көңілім қайдағы
Бұрынғымды жаңғыртар.
Қайратты алып бойдағы,
Басымды қайғы қаңғыртар.
Онан да жылы жүзіңмен
Кел, жарым, қара бетіме.
Жылы, тәтті жауап айт
Іштегі қайғы дертіме.
Іштегі ескі жалынды
Сөндір жаңа қылықпен.
Сөйлесші жақсы, жағымды
Мендей көңілі сынықпен.
Сынық көңілім көп кешер,
Майда қолмен ұстасаң.
Көңілге түрлі ой түсер,
Әр тереңге нұсқасаң.
Күйлі, күйсіз бәйгеге
Қажыды көңілім көп шауып.
Көп қинамай әрнеге,
Енді семірт, жем тауып.
көп рахмет сіздерге өте дұрыс істедіңіз тағыда рахмет
Рахмет,маған ұнады.Жәнеде сіздер мені құтқардыңыздар.
оте керемет
Өте керемет рахмет сізге
Рахмет сізге
Ол өлең маған
Абайдың 175 жылдығына керек болды
Маған ұнады
Менің түсінгенім домбыра мен ойнама киесі үрат
кушты оте
Керемет
Маған қатты ұгады
Керемет рахмет
Керемет ән
Өте тамаша ????????????????
Рахмет маған керек болды
Рахмет көп көп маған керек болды