Бұл бетте «Бөпе» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балалардың бәрінің
Бөпесі бар үйінде.
Ал мен болсам әлі күн
Жүрмін жалғыз күйімде.
Қыңқылдадым тәтеме,
Бөпе сатып ал дедім.
Сосын келіп әкеме
Дүкендерге бар дедім.
Бірде ертемен маған кеп
Оятты әжем тартқылап:
«Бөпе әкелді саған!»– деп,
Мәз болып жүр шапқылап.
Қайда деп ем анамды,
Дүкен жақта жүр деді.
Қарындасың Жанарды
Әкеледі, тұр деді.
Шынында, анам бір күні-ақ
Дүкенге өзі барыпты.
Қоймағасын қыңқылдап,
Бөпе сатып алыпты.
Назым
Күшті