Көз алмай неге қарайсың – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көз алмай неге қарайсың» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 7105
Көрмеген бұрын кісің бе ем,
қадалды неге жанарың?
Көп жанның мынау ішінен
көз алмай неге қарадың?!
Бөтен сөз ешбір айтпайсың,
кездесе қалсақ оңаша.
Ойланасың да, таппайсың
жасқанған бейне балаша.
Елеусіз ғана сөз айтсам,
құп алып, үнсіз қостайсыѕ.
Қуанасың ғой бір қайтсам,
көрмеген көптен достай шын.
Қадалса сенің жанарың,
лүпілдеп жүрек... Солай шын...
Айтсаңшы, дал боп барамын,
көз алмай неге қарайсың?!

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері