Іле бойында – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Іле бойында» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Су бетінде күміс сәуле сырғанап,
Ай жанары маңдайынан бір қарап,
Бара жатыр сылқ-сылқ күліп қыз толқып,
Көкшіл шәйі орамалын бұлғалап.
От ұшқындар ару-сынды нұр көркің,
Шөп-шөп сүйсе, шымылдықты үркер түн.
Бара жатыр бір-біріне ұстатпай,
Көміп, басып бір толқынды бір толқын.
Сырт қарасаң, сыр бермейді тыныштық,
Сүйсінер тек от сәулелер күміс түк.
Көз алдымнан көлбең қағып ойнаған,
Жағаңда өткен күндер қандай тым ыстық.
Сол күндермен көңіл қайтіп суыспақ,
Сұлулықтан қайтқан көңіл ту ұстап.
От сәулелер он саусақты бір сәби,
Су толқынын еміп жатқан уыстап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері