Өлең, жыр, ақындар

Өткен күнің есіңе түсе ме шын

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Өткен күнің есіңе түсе ме шын,
Таныс емес, көзіме түс, елесің.
Қайда барсам, жарбиып қарсы алдымда,
Күшігендей ісініп, күшенесің.
Жемтік іздеп, жүргенде ұйқың келмей,
Сені маған жұмсады сиқыр нендей?
Сені көрсем көзіме елестейді,
Көш соңынан жүгіріп ит үргендей...
Көзді алдаған, күшіген, тазқарасың,
Ұсақ түйек, өлексе, азғана асың.
Қанатыңды қалбайтып, қарқ қарқ етіп
Қалдығына қырғидың мәз боласың.
Ой салатын жердегі бар адамға,
Тартыс жатыр тағдырлы, қарағанға.
Тағы «тегін» олжаға кенелсем деп
Қыран жолын ториды қара қарға...
Тоқтататын мұны күш, шара бар ма?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы

  • 0
  • 0

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы,
Сезім толқып ішіме кеп тұнады.
Көздерімді көзіңе қаратқызбай,
Ыстық жалын сен жақтан бетке ұрады.

Толық

Бұлақтағы бесік

  • 0
  • 0

Су бетінде шайқалып, бесік ағып келеді,
Іңгәлаған өмірді есіне алып келеді.
Толқындарды бөбектей күн сәулесі емізіп,
Көлеңкесі бұлттардың басыма ауып келеді.

Толық

Қысылғанда, кейде жолым болмай бір

  • 0
  • 0

Қысылғанда, кейде жолым болмай бір,
Көкірегімде шырылдайды торғай жыр.
Әр уақытта демеп, жебеп балаңды,
Ата-бабам аруағы қорғай жүр.

Толық