Диалог – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Диалог» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1195
— Жазушының...
Абайға дейінгісі?
— О — нау ғой!
— Абайдан кейінгісі?
— О — нау ғой!
— Зерделі, зейіндісі?
— О — нау ғой!
— Өмірге бейімдісі?
— О — нау ғой!
— Ақылгөй ақылдысы?
— О — нау ғой!
— Батагөй, "бақырлысы"?
— О — нау ғой!
— Қолы жүріп тұрған
күшігі де үріп тұрған
татымдысы,
ханға да жақын кісі?
— О — нау ғой!
— Ақылыңнан айналайын дәл тапқан!
— Таппағанда, құдай-ау,
алты алашқа белгілі
өзіде бір... ант атқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері