Өзімді-өзім қорғадым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өзімді-өзім қорғадым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 992
Өзімді-өзім қорғадым,
өзімді-өзім қолдадым,
ыстыққа да күйгенмін,
суыққа да тоңғамын.
Отқа салса — мақтадым,
суға салса — батпадым,
өзімді-өзім кінәлап,
өзімді-өзім ақтадым.
Ерлігі ме жеке ердің,
өткізбедім бекер күн,
төмендетіп өзімді,
өзімді-өзім көтердім.
Көтерілдім, көктедім,
жетіп жүрдім,
жетпедім,
арызым жоқ ешкімге,
қарызым да жоқ менің.
Тоймадым ба, тойдым ба,
көп жүгірдім ой-қырға,
өте кеткен ешкімнің
борышы жоқ мойнымда.
Сондықтан да
О, көкем,
сойдың бірі боп өтем, —
Ата-анамнан басқаға
Берешегім жоқ екен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері